Атырау, 25 желтоқсан 05:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Тулалықтардың ғажайып тәсілі

2 584 просмотра

Бесінші жыл қатарынан Атырау балалар қайырымдылық орденінің тұрақты жұмысының арқасында біздің қаламызға Туладан мамандар келіп, церебралды сал ауруына ұшыраған балаларға операция жасайды.

Осы уақыт ішінде облыстық білім беру басқармасының, балалар қайырымдылық орденінің, Атырау облысының балаларына жасалатын операцияға қаржы төлейтін Аджип компаниясының, облыстық балалар ауруханасының және тулалық мамандардың бірігіп әрекет ету механизмі жасақталды. Операция алдында балалар жергілікті невропатологтардың тексеруінен өтеді, содан кейін ата-аналары ресейлік мамандардан, әуелі телефон арқылы, ал олар келген соң бетпе-бет кеңестер алады. Төрт жыл бойына жобаға Аджип қаржылық қолдау көрсеткен еді, ал биылғы жылы КТК концерні демеушілік көрсетуде. «Ақпан айында біз Аджипке кезекті операциялық кезеңді өткізуге қаржы бөлу өтінішімен шыққан едік, алайда компания жобаны қаржыландыру күзге қалдырылғанын хабардар етті. Яғни, ақшалар қараша айында бөлінеді, - дейді Атырау балалар қайырымдылық орденінің жетекшісі Надежда КИРПИЧНИКОВА. - Ал бізде кезекті операция дәл қазір жасалуы қажет балалар бар. Сондықтан 8 жылдан бері серіктесіп жұмыс жасап келе жатқан КТК-дан көмек сұрадық. Сөйтіп емдеу кезеңінде үзіліс болмайтын болды».

Тулалықхирург-ортопед Александр НАЗАРКИН де жүйелі емдеудің міндетті түрде жетістікке әкелетініне сенімді. Оның айтуынша, негізгі нәтижеге бірнеше факторлар: сәбидің бастапқы жағдайы (зақымдану дәрежесі), өсу кезеңі мен операциядан кейінгі оңалту кезеңі әсер етеді екен. Атырауда бірнеше жүздеген операция өткізген ол қол жеткен нәтижелерге риза: кейбір пациенттерінің жағдайы кем дегенде бес жылға дейін түзетуді қажет етпейді.

Ресейлік мамандар кеңестер мен операцияларды 4-9-шы сәуір аралығында өткізеді. Біздің облысымызда бес жыл жұмыс істеген уақытта 600-дей балаға операция жасалған, операция тек Атыраудың балаларына ғана жасалмаған. Профессор Ульзибаттың шәкірттерінің Атырауға келгенін естіген адамдар Қазақстанның түкпір-түкпірінен – Оралдан, Ақтаудан, Жаңаөзеннен, Жамбылдан, Ақмоладан және т.б. жерлерден балаларын алып келеді. Дүние жүзі бойынша көптеген мамандар тулалық дәрігерлердің тәжірибесін қуана қабыл алар еді, бірақ ол мүмкін емес. Тірек-қозғалыс аппараты патологиясы бар пациенттерді негізгі емдеу әдісі ретінде тулалықтар жер бетінде жоқ хирургиялық әдісті – медицина ғылымдарының докторы, профессор В.Б.Ульзибат жасақтап, тәжірибеге енгізген кезеңдік фибротомияны қолданады. Бұл әдіс арнайы жарақталған скальпелмен жергілікті бұлшық ет контрактурасын (тыртықтарды) жоюға негізделген. Әдістеменің өзі мен скальпель «Институт клинической реабилиталогии»ЖАҚ-ның зияткерлік меншігі боп табылады. Осы әдіс бойынша операцияны тек Институттың мамандары ғана жасай алады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

6 сәуір 2011, 19:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.