Мальтаның жаңадан сайланған президенті Мириам Спитери Дебоно бейсенбі күні парламент бірауыздан қабылдаған қарардан кейін Мальтаның 11-ші президенті ретінде ант берді, деп жазады KAZINFORM Синхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Ол Республика Президентінің ресми резиденциясы орналасқан Валлетта дағы Ұлы магистр сарайында Парламенттің кезектен тыс отырысында ант қабылдады.
71 жастағы М.Спитери Дебоно ел тарихындағы президент лауазымын иеленген үшінші әйел, бұған дейін ол Өкілдер палатасын басқарған жалғыз әйел болған.
Ол соңғы бес жыл бойы осы лауазымды атқарған Джордж Велланың орнын басады.