Атырау, 19 маусым 11:37
 дождьВ Атырау +24.6
$ 487.73
€ 558.99
₽ 6.63

Құлсарыдан пойызбен 400 адам шығарылды

Бейнежазба
763 рет қаралды

5 сәуірде «Жолаушылар тасымалы» АҚ Атырау облысының 400-ге жуық тұрғынын (оның ішінде 99 бала) жолаушылар пойызымен су басу аймағынан тасымалдады, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, су тасқынына байланысты Құлсары-Доссор учаскесінде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылды, соған орай ұлттық тасымалдаушы өңір тұрғындарын эвакуациялау үшін жолаушылар пойызын жіберу туралы шешім қабылдады.

Халықты тасымалдауды қамтамасыз ету үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на Құлсары станциясынан Атырауға жолаушылар пойызы бекітілді. Жолаушыларға жол жүру тегін болды.


5 сәуір 2024, 14:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.