5 вагоны бар поезд Құлсары-Атырау бағытында қатынап, жолаушыларды тегін тасымалдайды.
Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 5 сәуірде сағат 10:30-да Құлсары станциясынан Атырауға жүретін болса, 19:00-де Атыраудан Құлсарыға қарай бағытқа жолға шығады. Жолаушылар тегін тасымалданатынын атап өтті. Сондай-ақ, жолаушының сұранысы негізінде, жолсерікке алдын ала ескерту арқылы Шоқпартоғай және Мақат станцияларына тоқтайды.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА