Атырау, 21 наурыз 00:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Президенттік ауызашар кімнің есебінен берілді?

588 рет қаралды

Наурыздың 15-і күні Атырауда ҚР президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ атынан өткізілген ауызашардан кейін редакцияға шараның кімнің есебінен өткенін анықтау жөнінде өтініш келіп түсті.

Облыс басшысы Серік ШӘПКЕНОВТІҢ атына сауал жолданды.

«Сіздің ресми сауалыңыз бойынша мынаны хабарлаймыз: ауызашар орталық атқарушы органдардың ұйымдастыруымен өткізілді. Шара Атыраудағы «Sultan Palace» мейрамханасында өтті. Оны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген жоқ», - деп жауап берді облыс әкімдігі.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

5 сәуір 2024, 03:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.