Қазіргі уақытта тұрғындар мен ауданнан жеткен еріктілер бөгет соғу жұмыстарына кіріскен.
Ойыл деңгейіне келген су өз ағысымен Жарыпшыққан арнасына кеше түнде жетті. Қазіргі таңда су деңгейі 1 метр 40 сантиметр.
Былтырғы жылдан басталған дайындық арқасында ұзындығы 2,5 км бөгет соғылды. Аудандық штабтың тапсырмасына сәйкес, су деңгейі көтерілмей тұрып техникалар мен керекті құрал-жабдықтарды дайындап қойған.
Ерте қамға кіріскенненің арқасында қазір ауылда ахуал тұрақты. 30 құтқарушы, 150-ге тарта ерікті, 10 техника жұмыс атқаруда. Олар бүгінге дейін 16 мыңнан астам қапшық қаптаған.
Аудан басшылары қауіптің алдын алып, тасқыннан қорғану үшін Тайсойған ауылынан ұзындығы 2,5 км, биіктігі 3 м болатын канал қазған. Каналды қазу жұмыстыры былтырғы жылы қолға алынған.
“Көне көз қариялардың сөзінше 60-шы жылдардан бері су шықпаған Жаманаша жерге су жетіп, сол жердегі сай саланың барлығын толтырады. Бұл сай сала толса сол жердегі қожалықтардың малына, жер асты суының ұлғаюына көп септігін тигізеді. Бір жағынан Жарыпшыққан арнасының деңгейінің түсуіне де әсер етеді”, -дейді Тайсойған ауылдық округ әкімі Төреш ҚОЗБАҚОВ.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА