Атырау, 25 қараша 02:17
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"​Құлсары-Доссор" учаскесінде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылды

981 просмотра
Видеодан алынған скриншот

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Құлсары-Доссор учаскесінде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылды.

'Құрметті жол қозғалысына қатысушылар назарына!

Атырау облысы аумағындағы республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 103 шақырымы тұсында яғни Құлсары қаласынан 20 шақырым қашықтықта тасқын судың тасжолды басып кетуіне байланысты Құлсары-Доссор аралығындағы жол қозғалысы толықтай тоқтатылды. Жолдар қалыпқа келгенше бұл бағытта жолға шықпауларыңыз, қауіпсіздікке мұқият болуларыңыз сұралады. Қазіргі таңда су басқан тасжолдың бойында патрульдік полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын атқаруда. Аталған тасжолдың қозғалысына қатысты деректер әлеуметтік желідегі ресми парақшалар мен БАҚ беттерінде жарияланатынын қаперіңізге береміз!', - делінген хабарламада. 

4 сәуір, 11:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.