Қазіргі кезде Қосшағыл ауылдық округіне қарасты Қарағай елдімекеніне су кірді. Бұл елді мекенде 150 тұрғын бар.
Жылыой ауданының әкімдігі мынадай хабарлама таратты:
"Құрметті аудан тұрғындары!
Жылыой ауданына қарасты Қарағай елдімекенінде Жем өзенінің арнасынан асып тасуына орай, су тасқыны Қарағай елді мекеніне кіру қауіпі туындауына байланысты, Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланып, Қарағай елдімекенінің тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру туралы штаб шешім қабылдады.
Бірінші кезекте көшіруге жататын адамдар санаты: әйелдер, балалар, науқас жандар және I, II, III- топтағы мүгедектегі бар азаматтар.
Қабылдау пункттері:
• №18 орта мектеп ғимараты
• №8 мектеп ғимараты
• №1 орта мектеп ғимараты
Қарағай елдімекенінің басында қабылдау пункттеріне жеткізетін автобустар жүреді. Тұрғындарға өзімен бірге жеке бас құжаттарын, қажетті заттарды (шағын төсек орын т. б.) ала баруға кеңес береді.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА