Атырау облысында бір жылдан астам уақыттан бері «Бота» қоғамдық қорының шартталған ақшалай жәрдемақы бағдарламасы (ШАЖБ) жұмыс істейді. Біздің өңір – осы бағдарлама жұмыс істейтін Қазақстандағы жетінші аймақ. Бәрі 2009 жылы ШАЖБ іске қосылған Ақмола мен Қызылорда облыстарынан басталған еді.
Аз қамтылған және мұқтаж отбасыларға материалдық көмектен басқа, осы бағдарлама аясында анемияның алдын алу жөніндегі семинарлар өткізіледі, мүмкіндіктері шектеулі немесе дамуы кешеуілдеген балаларға үйлеріне барып күтім жасайды, сонымен қатар еңбек және өмірлік дағдыларды дамыту жөніндегі 4-6 жастағы бүлдіршіндер мен жасөспірімдерге арналған арнайы тренингтер өткізеді. Яғни, адамдарға тек жәрдемақы төленіп қана қоймай, жеке тұлғаның дамуына арналған жағдай да жасалады.
Бүгінде ШАЖ бағдарламасы бойынша елімізде Қазақстанның алты облысында 7 команда жұмыс істейді. 2010 жылдың қаңтарынан бастап 65 мың қазақстандыққа 3,5 млрд теңгеден астам ақша төленді. «Глобус» ҮЕҰ Атырау облысы бойынша «Бота» қорының серіктесі боп табылады. Бағдарлама бүкіл жеті ауданда 6 мыңнан астам адамды қамтиды. Оларға 136 млн 936 мың теңге сомада жәрдемақы төленді. Жәрдемақы қатысушының бағдарлама есебінен ашылған банктік кәртішкесіне аударылады, бұл ауыл тұрғындары үшін өте қолайлы және ақша алу процедурасын жеңілдетеді. Ақша көп емес секілді (жүкті және емізетін әйелдер 5 570 теңгеден, ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндері мен балалары бар отбасылар 4 400 теңгеден алады), бірақ ауыл үшін едәуір ақша.
Бастысы – бұрын балабақшаға бармаған сәбилерді барлық жеті ауданда арнайы ашылған шағын орталықтарға қабылдады.
– Бағдарлама каскадты оқытуды қарастырады: алдымен біздің мамандар оқытылады, содан кейін олар еріктілерді оқытады, ал еріктілер, өз кезегінде, бүкіл мұқтаж жандарды – науқас балалардың аналарын оларға массаж жасай білуге, дұрыс күтім жасауға және өз күштерін қалпына келтіру үшін балаларынан демалуды үйретеді. Мәселен, бізде церебралды сал ауруына шалдыққан 5 жасар қызы өсіп келе жатқан отбасы бар. Ол үнемі анасының қолынан түспейді. Таңертең анасы сәбиді төсегінен тұрғызып, жуындыруға алып барады. Содан соң дастархан басына отырғызады және т.б. Анасының шаршағаны, баласын масыл ретінде қабылдайтыны, баланың мұны сезетіні көрініп тұрды. Біз анасына қызды үнемі көтеріп жүрмеуге, өзіне де қарап қоюға кеңес бердік. Сөйтсек, бүлдіршіннің кей жағдайларға бір өзінің-ақ әлі келетіні белгілі болды. Сөйтіп анасының оны масыл сезінуі ғайып болды, - деп әңгімелейді «Глобус» ҮЕҰ жетекшісі Галина ЧЕРНОВА.
188 ауыл тұрғындары – көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беруге дайын белсенді өмірлік ұстанымы бар әйелдер ШАЖБ еріктілеріне айналды. Қазір Құрманғазы ауданында «Еріктілер көктемі» акциясы өткізілуде. Бағдарламаның үздік еріктілері марапатталады, содан соң Мақат пен Махамбет аудандарының кезектері келеді. Ал маусымда Атырау облысының басқа аудандарындағы еріктілерге қошемет көрсетілетін болады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА