Серік Шәпкенові су тасқына қарсы жұмыстарды күшейту үшін ірі мұнай компаниялары өкілдерінің қатысуымен жиын өткізді, деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Су тасқынына қарсы жедел штаб отырысының отырысына «АМӨЗ» ЖШС, «Теңізшевройл» ЖШС, NCOC N.V, «Ембімұнайгаз» АҚ, Каспий Құбыр Консорциумы, «ҚазТрансОйл» АҚ өкілдері мен өзге де жауапты мамандар қатысты.
Облыс әкімі су тасқынына қарсы күресу үшін мынадай тапсырмаларды жүктеді.
- компаниялар мен мердігерлердің арнайы техникасын жұмылдыру,
- әр компанияға белгілі бір учаске мен жұмыс фронтын бекіту,
- қажет материалдар, жанар-жағармай, құрал-жабдықтар қорын қалыптастыру мәселелері бойынша қолдау көрсетуді тапсырды.
Күшейту жұмыстарын үйлестіруді Атырау облыстық жедел штабы жүзеге асырады.