Бүгінде аудан бойынша тасқын су басу қаупі бар округтерде күн-түн демей жұмыстар қызу жүруде, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі сәтте Тайсойған ауылында 30 құтқарушы, қаладан келген 10 ерікті, 50-60 ауыл тұрғыны және 8 ауыр техника апаттың алдын алу мақсатында жұмыла жұмыс жасап жатыр. Ауылдың негізгі бөгеті екі шақырым болса, одан бөлек тағы 600 метрге дейін бөгет тұрғызылды. Кеше жеткен құтқарушылардың нұсқамасымен көтерілген бөгеттердің сыртқы қабаты құм толы қапшықтармен қапталуда. Сол сияқты 2,5 шақырым болатын канал қазылды.
Округ әкімі Төреш ҚОЗБАҚОВТЫҢ айтуынша, қауіптің алдын алу мақсатында Атырау қаласына 128 тұрғын, оның ішінде әйелдер мен балалар, 11-і Миялы ауылына эвакуацияланды. Кеше түнде ауылға тасқын су жетті. Дегенмен өзен қазіргі уақытта өз арнасымен ағып жатыр және бөгеттерге жете қойған жоқ.
Дайындаған Анастасия ШЕРСТЯНКИНА