Атырау, 25 қараша 02:20
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Браконьерлер 3 центнер бекіре мен 4 қайықты тастап кеткен

720 просмотра

2024 жылғы 2 сәуірде сағат 00:50-де Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері рейдтік шара жүргізу кезінде Жайык өзенінің жағалауында Дамба кентінің қамыс аймағы 2 өзек ауданында жалпы салмағы 313,3 кг 14 қап бекіре тұқымдас балықтарын тапты, деп хабарлайды Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі.

Рейдке Атырау облысы полиция департаментінің, Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қызметкерлері де қатысты. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу»  деп аталатын 339-бабының 1-бөлігінің белгілері бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне № 242311031000185 боп тіркелді. 

Құқық бұзушыларды одан әрі іздестіру кезінде сағат 6:00-де анықталған жерден шамамен 400 метр қашықтықта өзен жағасына бекітілген аспалы қозғалтқыштары бар «Ямаха-200» - 3 бірлік және «Ямаха - 225» - 1 бірлік, «Байда» типті иесіз 4 жүзу құралдары тәркіленді. 

Қазіргі уақытта полиция органдары осы жүзу құралдарының иелерін қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеру мақсатында анықтау бойынша іс-шаралар жүргізуде. Балық ресурстарына келтірілген залал алдын ала есеп бойынша 173 505 540 теңге.

«Бекіре-2024» балық қорғау акциясы жалғасуда. 

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

3 сәуір, 13:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.