Атырау, 19 қараша 10:27
 бұлттыВ Атырау +5
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

​Спутник Каспий теңізінен не тапты?

860 просмотра
Фото: petrocouncil.kz. К

30 наурызда ғарыштық мониторинг кезінде Каспий теңізіндегі Қашаған кен орны аумағында мұнай төгіндісі анықталды.

2 сәуірде Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы Әлібек БЕКМҰХАМБЕТОВ, мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Еркебұлан ЕРМЕКОВ, техник-зертханашы Баубек ӘЛДЕШЕВ және Атырау облысы бойынша ҚР ТЖМ ӨҚКД басшысы Нұрлан ӘЛИЕВ топ құрамында теңізді визуалды тексеру үшін ұшып кетті, деп хабарлады Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Өз кезегінде Солтүстік Каспий жобасының операторы (NCOC) petrocouncil.kz сайтына 2024 жылғы 30 наурызда сағат 7:43-те (GMT+5) немесе 2:43-те (UTC) Қашаған кен орнының теңіз кешенінде болжамды мұнай, ағын сулар немесе басқа сұйықтықтардың төгілгені туралы ақпараттың дәлелді түрде расталмағанын хабарлады.

NCOC мәліметі бойынша, 2024 жылғы 30 наурызда SENTINEL-1A және 2024 жылғы 2 сәуірде TerraSAR-X спутниктері түсірген суреттерге сәйкес Солтүстік Каспий аумағында, оның ішінде Қашаған кен орнының D аралынан солтүстікке қарай шағын учаскеде табиғи құбылыс байқалған. Кейінгі күндері түсірілген басқа суреттерде мұндай құбылыс болмаған.

«Жарияланымда көрсетілген D аралының маңындағы аумақ тексерілді және ешқандай төгінді немесе ағынды табылмады. NCOC-тың теңіздегі нысандары қалыпты жұмыс істеп тұр», - делінген хабарламада.

Айтпақшы, әлеуметтік желіде мұндай құбылысқа әуе кемесі өткеннен кейін құмның көтерілуі себеп болды деген пікір айтылды. Осыған ұқсас (спутниктен қарағанда төгіндіге ұқсайтын) құбылыс Теңіз ККЖ үшін жүк қабылданған шығыс бөлігінде байқалған.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

3 сәуір, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.