Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі аудандағы қазіргі ахуал туралы баяндады.
«Ембі-Ақкиізтоғай» гидропостында су деңгейі 2 сәуірде сағат 8.00-ден 20.00-ге дейінгі аралықта 55 см-ге көтерілді, жалпы деңгейі 3 метр 25 см құрады. Өзен арнасынан тасып, Құрсай өзегіне құйып жатыр. Бақашы шлюзі жабық. Арнайы техникалармен осал тұстарды нығайту, қосымша топырақ төгу жұмыстарын атқарылуда.
Жемнің бойындағы бөгеттерді нығайту үшін жедел штаб нақты шара қабылдады. Облыс әкімінің тапсырмасымен жергілікті атқарушы органның, төтенше жағдайлар департаментінің, «Ембімұнайгаз»АҚ мен «Теңізшевройл» ЖШС мен оларға қарасты мердігер мекемелердің күштері жұмылдырылды. Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Марат МУРЗИЕВ аттанды.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі, бұл жұмысқа 1000-ға жуық ерікті де жұмылдырылғанын хабарлады.
Тұрғындардан дүрбелеңге түспей, сақтық шараларын алу сұралады.
Су басу қаупі анықталған барлық жағдайларда құтқару қызметтеріне — 101 және 112 телефондарына хабарласыңыз. Сонымен қатар штабтың байланыс нөмеріне +7778 249 02 53 WhatsApp арқылы өтінім беруге болады.