Атырау, 19 қараша 10:33
 бұлттыВ Атырау +5
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Ириклинск су қоймасынан су жіберу 4 есеге артты

908 просмотра

1 сәуірде Жайық өзеніндегі Ириклинск су қоймасынан ағызылатын су көлемі 90 м3/с-тан 390 м3/с-қа дейін көбейді, деп хабарлайды Ural56.Ru.

Бір апта ішінде Ириклинск су қоймасына құйылатын су легі 83 есеге өсті: 2024 жылғы 27 наурыздағы секундына 12 текше метрден 31 наурыздағы ахуал бойынша 1000 текше метрге дейін.

27 наурызда су ағыны 12 м3/с;

28 наурызда – 85 м3/с;

29 наурызда – 600 м3/с;

30 наурызда – 700 м3/с;

31 наурызда – 1000 м3/с болды.

Өткен жылдың 31 наурызында су ағыны 645 м3/с болған. Ол 3 сәуірде ғана секундына 1000 текше метр болып, межеден асып кетті.

Су қоймасын пайдалану басқармасының ресми ақпаратына сәйкес, 31 наурыз бен 1 сәуір аралығында тәулік ішінде су қоймасының бос көлемі 511 миллион текше метрден 442 миллион текше метрге дейін азайған.

Қар мол ерігендіктен (алдағы күндері Орынбор облысында температура түнде де нөлден жоғары болып, күндіз +15 градусқа дейін көтеріледі) ағын бұдан да артуы керек. Ағыстың төменгі жағында орналасқан елді мекендердегі (Орск және Орынбор) су тасқыны жағдайы өте қиын болуы мүмкін.

3 сәуір, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.