2 сәуірде Атырау қаласында Алмалы, Еркінқала, Қайыршақты, Дамбы ауылдық округтерінде су тасқынына қарсы дайындық шаралары басталды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары тұрақты дайындыққа келтіріліп, инертті материалдар дайындалды. Су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізуге дайындық аясында қалада жағалауды бекіту жұмыстары басталды.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ