Атырау, 25 қараша 02:43
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жол жазда қалпына келтіріледі

549 просмотра

Облыстық маңызы бар «Миялы-Қарабау-Индер» жолын қызыл су шайып кетіп, әзірге облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 10 Камаз, 2 погрузчик техникаларымен уақытша қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Облыстық маңызы бар «Миялы-Қарабау-Индер» тас жолының Жасқайрат ауылынан 2 км қашықтықтағы «Жалаңаш көл» тұсындағы жолдың үстінен Ойыл өзенінің жайылмаға шыққан тасқын суы жүріп кетті. Су жүріп кеткен жердің ұзындығы 120-130 метр шамасында. Автокөлік қозғалысы шектелді.

Естеріңізге сала кетсек, облыстық маңызы бар «Сағыз-Миялы-Индер» тас жолының Миялы ауылынан 4 км қашықтықтағы Миялы - Сағыз бойындағы жолдың үстінен су жүріп кетуіне байланысты, 31 наурыз күні сағат 22.00-ден бастап көлік қозғалысы тоқтады. Қазіргі уақытта 1 моторлы қайықпен сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін аралықта тұрғындарды тасымал ұйымдастырылған. 

Қызыл судан жырылған тас жолдар жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіріледі. Бұл жұмыстар көктемгі өр суы келу кезеңі өткен соң басталады.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 сәуір, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.