Атырау, 25 қараша 02:19
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қала маңындағы тұрғындар асфальт қалдықтарын сұрайды

Бейнежазба
703 просмотра

Атырау қаласы Қайыршақты ауылдық округіне қарасты «ЦБКО Ембімұнайгаз» бағбандық қоғамдастығының тұрғындары бірнеше жылдан бері жол мәселесінен қиындық көріп келеді. Редакцияға хабарласқан тұрғындар қазіргі кезде жағдай қиындап барады дейді. 

- Ауылда бала мен қарт адамдарды айтпағанда, сау адамға жаяу жүрудің өзі мүмкін емес. Бұл жағдай жайлы қалалық әкімдік те, округ әкімдігі де хабардар. Қайыршақты округі әкімінен ешқандай көмек жоқ. Бұрын қала әкімі Мейірім ҚАЛАУИ кезінде бізге жол жоқ жерлерге 1330 метр асфальт қалдықтары төгіледі деп уәде берген. Әкім ауысқаннан кейін мәселе сол күйінде қалды. Қалада жыл сайын бірнеше көшенің жолы қайта жаңғыртудан өтіп жатыр, күреп тастаған асфальт қалдықтарын біздерге төгіп берсе де қуанар едік, - дейді ауыл бау-бақша тұрғыны Серік ТЕМИРЗАКОВ

Қазіргі уақытта  қоғамдастықта 60-тан астам үй орналасқан. Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, аталған қоғамдастық жеке тұрғын үй құрылысына өзгертілгенше, инфрақұрылым жүргізу мүмкін емес. 

Саяжай тұрғындарының барлығы асфальт қалдықтарын төгіп беруді сұрайды. Жолдарға күрделі жөндеу жүргізу кезінде біз мердігер мекемлерге қалдықтарды жеткізіп беру туралы көмек сұраймыз, себебі олардың техникасын пайдалануға құқымыз жоқ. Сол себепті кейде бау бақша тұрғындары асфальт қалдықтарын өз күштерімен алып кетіп жатады. Қалдық бойынша мәселемен Сатпаев даңғылы, 13 мекен-жайына келіп жолығу қажет, - деді жолдар бөлімінің маманы Қуаныш ҚАБДЫҒАЛИ.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

Суреттер мен бейнежазбаны тұрғындар жолдады

3 сәуір, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.