Атырау, 25 қараша 04:26
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Спутник Каспий теңізінен мұнай дақтарын анықтады

728 просмотра

Ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес, 30 наурызда Каспий теңізіндегі Қашаған кен орны аумағында мұнай төгілгені анықталды.

Осы ғарыштық мониторингті жүзеге асыратын топтың мәліметінше, «30 наурыздағы (02:43 UTC) Еуропалық Sentinel-1A спутнигінің радиолокациялық суретінде Қазақстан кен орны мен Қашағанның мұнай өндіретін жерінде мұнай төгілгені көрінген».

Дақтың пайда болуының болжамды себептері өндіріс кезінде мұнайдың кездейсоқ немесе апатты жағдайда төгілген; сақталуы және кәдеге жарату үшін құрлыққа тасымалдануы тиіс құрамында мұнай өнімдері бар өнеркәсіптік сулары төгілуі мүмкін; бәлкім, қызмет көрсетуші кемелерде болған апатты жағдай себеп болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта көрінген дақтың аумағы 7 шаршы км жуық екені, Каспий теңізінің солтүстігіне қарай жылжып бара жатқаны белгілі.

Бұл жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған «Глобус» экологиялық-құқықтық бастамалар орталығының директоры Галина ЧЕРНОВА дереу NCOC компаниясына және жетекшілік ететін ведомстволарға сауалдар қойды:

«Сізде теңіз кешеніде не болды, бұл жағдайға кім жол берді және бұл оқиға қалай шешілді? Атырау облысы бойынша облыстық экология департаментіне (ЭД) сауалдар: Қашаған кенішіндегі бұл төтенше жағдайдан хабардарсыз ба? Осы экологиялық оқиғаға байланысты ЭД қандай шаралар қабылдады және осы төгінді салдарынан теңіз ортасы мен Солтүстік-Шығыс Каспий теңізінің биоалуантүрлілігіне келтірілген залал анықталды ма? Менің осы жарияланымымды ресми сауал ретінде қарастыруыңызды сұраймын, бұған NCOC компаниясынан да, Атырау облысының экология департаментінен де ресми жауап беруін талап етемін, - деп жазады Г.Чернова».

Айта кетейік, осы төгінді қарсаңында, яғни, 29 наурызда NCOC Дамба ауылында компанияның теңіз кешенінің жұмысына қатысты қоғамдық тыңдаулар өткізді.

«Залдағы тыңдауға қатысушылардан және зум алаңы арқылы қойылған барлық сұрақтарға компания менеджерлері компания ауаның да, теңіздің де ластануына жол бермейді деп жауап берді, - деп жалғастырды эколог, - NCOC мамандары мен жоба әзірлеушілерінің баяндамаларында және таныстырылымдарында компанияның біздің өңірдің қоршаған ортаға шығарындылары мен төгінділерін «нөлдік» деңгейде ұстауға ұмтылатыны айтылды. Бірақ бұл солай ма? Ғарыштан көрінген дақ мүлде керісінше жағдай екенін көрсетеді. Ал деректің аты дерек екені белгілі...».

Ал, Атырау облысы бойынша облыстық экология департаменті хабарламаға дереу жауап берді.

«Аталған мәселе департамент назарына алынды. Анықтау жұмыстары жүріп жатыр, қорытындысы бойынша жауап беріледі».

«АЖ» редакциясы өз кезегінде қосымша сауал жолдады. Жауабын күтеміз.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

2 сәуір, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.