Атырау, 25 қараша 04:32
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Абзал Досжанов АМӨЗ бас директоры болып тағайындалды

1 250 просмотра

Қатысушылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры лауазымына Абзал Досжанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі.

А.Досжанов Атырау қаласының тумасы, еңбек жолын 2006 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында технологиялық қондырғылардың операторы ретінде бастап, гидрогенизациялық процестер ауысымының бастығына дейін көтерілді.

Францияның мұнай институтында (IFP School) біліктілігін арттырғаннан кейін ол Атырау мұнай өңдеу зауытында жұмысын кәсіпорынды жаңғырту жобасын сүйемелдеу тобының технология бойынша бас маманы қызметінде жалғастырды.

2010 жылдан бастап KMG International компаниясында Петромидия зауытының процестерін жақсарту жөніндегі менеджер, өндіріс жөніндегі директордың орынбасары, Rompetrol Petrochemicals бас директорының бірінші орынбасары, Rompetrol Rafinare операциялық директоры, Rominserv және Rompetrol Well Services компанияларының басшысы, Rompetrol Rafinare мұнай өңдеу зауытында бас директордың бірінші орынбасары – бас инженер лауазымдарында еңбек етті. 

2023 жылдан бастап қазірге дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өңдеу және мұнай химиясы департаменті мұнай өңдеу басқармасының бастығы қызметін атқарды.

2 сәуір, 13:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.