Атырау, 25 қараша 04:21
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Су Қызылқоғаның шалғайдағы қыстақтары мен Қоныстану ауылына дейін жетті

808 просмотра
Бейнежазбадан алынған скриншот

Қызылқоға ауданында тасқын сумен күресу шаралары жалғасып жатыр. Тасқын су Көздіғара округіне қарасты Қоныстану (Комсомол) ауылына жетті.  

- Ауылға қауіп төнді. Енді бар күш сол жаққа жұмылдырылуда. Миялы мен Қоныстану арасындағы көлік жолы бұзылды, - дейді аудан әкімінің орынбасары Жарас ЕСЕНҒАЛИЕВ. - Ойыл округіне қарасты "Балабейіт" қыстағын су басты. Ондағы үш үй тұрғындары эвакацияланды. Ал мал бұдан бұрын түгелдей басқа жаққа көшірілген болатын.  Төрт тұрғын үй суға кетіп, адамдар қауіпсіз аумаққа көшірілді. Оның ішінде 6 ер, 1 әйел, 1 бала бар. 6 техника жұмыс жасауда, 2 арнайы техника Тасшағыл ауылдық округінен көмекке жіберілді.

Округте 1529 тұрғын, 301 тұрғын үй бар.

Белгілі болғандай, су басқан төрт үй ауылдан 500 метр жерде орналасқан. Қоныстану ауылының айналасына бөгеттер орнатылды.

Қызылқоға ауданының Миялы, Жанкелдин, Ойыл, Көздіғара, Тасшағыл, Қаракөл, Қызылқоға, Тайсайған ауылдық округтеріне тасқын судан қауіп бар

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

2 сәуір, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.