Атырау, 30 сәуір 13:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

Атырау облысы үш ғалыммен толықты

802 просмотра

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Ғылыми кеңесінің кезекті отырысында Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, өлкетанушы, қаламгер Төлеген Жаңабайұлына Каспий маңы академиясының академигі» құрметті атағы табыс етілді. 

Төлеген Жаңабай Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Балабейіт ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1966 жылы аудандық газетте әдеби қызметкерден бастап, облыстық «Қайсар» газетінің және облыстық телеарнаның телехабарлар жөніндегі бас редакторы болып қызмет атқарған.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент болып, журналистика мамандығы бойынша жүздеген шәкірт дайындады. «Атырау көсемсөзшілері», «Халқымен етене Халел хакім» секілді іргелі еңбектің авторы Алаш қайраткері Халел Досмұхамедов туралы тың деректерді тұңғыш болып халыққа жариялаған қаламгер. Бүгінде «ҚР Ақпарат саласының үздігі», «Үздік өлкетанушы» атағының иегері.

Сонымен қатар Академия дәл осындай «Каспий маңы академиясының академигі» атағын Атырау облысының Құрметті азаматы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Сабыржан СҰЛТАНОВҚА, Х.Досмұхамедов университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Шахман НАҒИМҰЛЫНА беруді ұйғарған.

Академик атағын алған ғалымдарды Академия Президенті Асхат ИМАНҒАЛИЕВ құттықтап, салтанатты түрде куәліктерін табыс етті.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет asu.edu.kz сайтынан

2 сәуір, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.