Атырау, 7 қараша 07:29
 дождьВ Атырау +3.6
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

Апалы-сіңлілі дойбыдан ел чемпионы атанды

1 082 рет қаралды

Құрманғазылық Айару Есенғұл көпшілікті сүйсінтті. 1-сынып оқушысы Ел чемпионатында дойбыдан бірден үш медальды иеленіп, Қазақстан чемпионы атанды.

Ол классикадан 1-орын, рапидтен 3-орын, блицтан 3-орын алды. Айару енді алдағы 12 сәуірде Өзбекстанда өтетін  Азия чемпионатында туған бауыры Амирамен ел намысын қорғайды.

- Айта кету керек, Айарудың  9 жасар апасы АМИРА Есенғұл дойбыдан Қазақстанның  екі дүркін чемпионы. Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер, - деп хабарлады Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира ТҰҢҒАТАРОВА, 

Кішкентай чемпиондарға дойбы ойнауды атасы үйреткен. 

«Отбасымызда дойбыны кәсіби ойнайтын спорт шебері жоқ. Қыздарымыз ынта-жігерлерінің және жаттықтырушылары Бекжан ҚАБИЕВТІҢ тынымсыз еңбегінің  арқасында осындай жоғары жетістікке жетіп отыр» - дейді әкесі  Ернар ҚАРАЖАНОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

 

3 сәуір 2024, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.