Атырау, 7 қараша 07:29
 дождьВ Атырау +3.6
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46

Атырауда майшабаққа есірткі салып, ерлер колониясына өткізбек болған

1 072 рет қаралды

1 сәуірде Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті №15 мекеме (ерлер колониясы) жедел бөлім қызметкерлері «Еңбек Батыс» РМК «Газель» автокөлігін тексеру барысында тыйым салынған заттар анықтады. Көлік ерлер колониясына азық-түлік тасымалдаған.

- Рентгендік тексеру кезінде балықтан (майшабақ) ептілікпен жасырылған медициналық шприцке оралған 20 дана өзіне тән иісі бар белгісіз жасыл түсті заттар, 6 дана спецификалық ерекше иісі бар белгісіз қара заттар, 3 бөтелке "тропикамид" дәрісі, 18 дана дәрі тәріздес ақ таблетка анықталған, - деп хабарлады Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы (2-бөлігі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

2 сәуір 2024, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.