Қызылқоға ауданында жарияланған төтенше жағдайға байланысты облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі Миялыдағы мектептердің онлайн оқытуға көшкенін хабарлады.
«Х.Досмұхамедов атындағы мектеп (948 адам) пен гимназия мектептерінің (480 адам) оқушылары тек жазда, каникул кезінде ғана жіберілген сабақтардың орнын толтыра алады. Миялы орта мектебінің (326 адам) және Тайсойғандағы Сланов атындағы орта мектептің оқушылары онлайн режимде оқитын болады», - деп хабарлады облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА