Атырау, 11 мамыр 17:16
 ашықВ Атырау +16
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

«Қазтрансгаз» Құрсайдағы магистральдық газ құбырында ақау барын байқамаған

591 просмотра
Көрнекі сурет

Редакцияға хабарласқан Құрсай ауылының тұрғыны, Құрсай ауылындағы Момышұлы көшесінде, Мақаш Бекмұхамбетов мектебіне жақын маңда магистралды газ желісінен қатты дыбыс шығып, газ кетіп жатқаны жөнінде видео жолдады. Тұрғынның мәліметінше қатты дыбыс  31наурыз күні таңертең 07:00 ден бастап шығып, түнімен жалғасқан.

Бұл өтініш 109 желісіне де тіркеліп, Қазтрансгаз мекемесіне жолданған. Алайда орындалды деген кері байланыс келмегенін жеткізді.

 - Шақырту бойынша түнде аталған мекен жайға барып тексеріс жүргіздік. Алайда газ шығып жатқаны жөнінде оқиға тіркелмеген. Осы магистралды желіге жақын орналасқан ПГВ ға майлау жұмыстарын жүргізу үшін арнайы бөлімге жолданды, деді газаймақтағылар.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Бейнежазбаны тұрғын жолдады

1 сәуір, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.