Атырау, 25 қараша 04:48
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда техникалық талаптарға сай келмейтін көліктер анықталды

725 просмотра
Видеодан алынған скриншот

31 наурызда Атырау қаласының полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері техникалық талаптарға сәйкес келмейтін көлік құралдарын анықтау бағытында қызмет атқарды. 

Көліктерде лэд, ксенон шамдары орнатылған көлік құралдары қозғалыс кезінде өзге жүргізушілерге шағылысып, жол-көлік оқиғаларына себеп болады, деп хабарлайды Атырау ПД.

Осыған байланысты Атырау қаласы аумағында көлік құралының техникалық талаптарға сәйкес келмейтін лэд, ксенон шамдарын орнатқан жүргізушілер анықталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

1 сәуір, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.