Атырау, 23 желтоқсан 03:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Ақтөбеге сегіз тонна гуманитарлық көмек жіберілді, Қызылқоғаға жинау жалғасуда

Сурет
1 238 рет қаралды

Бүгін Атырау қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысында тасқын судан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жіберді. 

«Күшіміз бірлікте» акциясы аясында Атырау облысының гуманитарлық көмек көрсету пунктіне 8 тоннадан астам азық-түлік, киім-кешек және өзге де тұрмыстық заттар жиналған.  

Акцияға Атырау облысының ірі кәсіпкерлері мен тұрғындары және 100 ге жуық ерікті жастар жұмылдырылды. Дәл қазіргі уақытта 3 газель автокөлігі мен жастар ресустық орталығының 2 маманы Ақтөбе облысына жолға шықты. Гуманитарлық көмек тұрғындарға таратып беру үшін Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығына табысталады, - деді орталықтың басшысы Мәнсия Сағидоллаева.  

Айта кетейік, 1 сәуір 09:00 ден бастап Қызылқоға ауданындағы төтенше жағдайға байланысты Атырау қаласы, Бірлік ықшам ауданындағы "Ярмарка" супермаркетінің( Бұрынғы "Атаба" ) алдына арнайы гуманитарлық көмек (қапшық, киім-кешек пен бұзылмайтын азық- түлік т. б.) жинау үшін газель жүк көлігі (суреттегі) қойылды. Гуманитарлық көмек 1 сәуір күні кешкі 21:00 ге дейін қабылданды.

Байланыс үшін 8775 386 45 94 Алдоңғар.  

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

1 сәуір 2024, 14:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.