Атырау, 22 қараша 23:49
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Түркиядағы сайлау кезінде жанжал шықты, құрбандар бар

456 просмотра

Түркияда өтіп жатқан муниципалды сайлау кезіндегі жанжалдан екі адам қаза тапты. Бұл туралы KAZINFORM Anadolu агенттігі жазды.

Бірінші жағдай Диярбакыр облысының Сур ауданындағы Огочлидара төңірегінде болды. Муниципалдық сайлауға дауыс беру кезінде тәртіпсіздіктер болды. Жанжал кезінде тас, таяқ, тіпті тапанша қолданылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 44 жастағы Эмин Челик қаза тауып, тағы 11 адам жарақат алған. Зардап шеккендер қаладағы ауруханаларға жеткізілді.

Оқиға кезінде аймаққа жіберілген екі жедел жәрдем көлігіне де шабуыл жасалған. Қайғылы оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Жергілікті құқық қорғау ұйымдары аймақта қауіпсіздік шараларын жүргізіп жатыр. 

Бурса облысында да төбелес болып, бір адам қаза тауып, екі адам жараланды. Жанжалға 32 жастағы Юсуф Йигит есімді жігіттің екі туысы мемлекеттік қызметке ұсынылғанына қарамастан, ол ауыл басшысы лауазымына басқа жергілікті рудан шыққан кандидатты қолдауы себеп болған. Жас жігіт пен оның екі туысының арасында төбелес шығып, салдарынан туыстарының бірі мылтық алып, оқ жаудырған. Жас жігіт сол жерде көз жұмды, екі адам зардап шеккен.

Айта кетейік, бүгін, 31 наурызда Түркияда муниципалды сайлау өтті. Сайлау 08:00-де басталып, 17:00-де аяқталады. 

31 наурыз, 23:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.