Атырау, 25 қараша 04:45
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Прокурордың бас киімін кигені үшін блогерге айыппұл тағылды

714 просмотра

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында азамат Ж.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 675-бабының 1-бөлігімен (Айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киім нысанын, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру (пайдалану) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі. 

Соттың анықтағаны: 2024 жылғы 21 ақпанда азамат Ж. Атырау қаласының №2 сотының ғимаратында прокурордың арнайы қысқы бас киімін, яғни айырым белгілері мен нышаны бар нысанды киімді заңсыз киген. Ж.-ның кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, фотосуреттермен расталады.

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 675-бабының 1-бөлігінің санкциясында айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысаны, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешек тәркiлене отырып, 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу түріндегі жаза көзделген.

Сот қаулысымен Ж. ӘҚБтК-нің 675-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оның жеке басы, құқық бұзушылықтың сипаты ескеріле отырып, 18 460 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, 23 ақпанда бопсалады деген күдікпен блогердің ұсталғаны туралы белгілі болды. Кейін оны сотқа дейінгі тергеу жүргенше екі айға қамауға алды. 

31 наурыз, 23:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.