Атырау, 27 наурыз 0816
 ашықВ Атырау +12
$ 501.81
€ 541.50
₽ 5.96

​Су тасқыны кезінде тамақтан уланып, жұқпалы ауру жұқтырмас үшін не істеу керек?

1 089 просмотра

Денсаулық сақтау министрлігі су тасқыны кезінде тамақтан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша халыққа бірқатар ұсыным жариялады. 

Ведомство еліміздің бірқатар өңірлеріндегі су тасқынына байланысты келесі шараларды ұсынады:

1. Ішу және тамақ пісіру үшін тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды пайдаланыңыз;

2. Су басу орындарында бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеңіз;

3. Су тасқынына малынған тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз, мүмкіндігінше оларды кеміргіштер мен су тасқыны үшін қол жетпейтін жерлерде сақтаңыз;

4. Тамақ ішер алдында, дәретханадан, серуендеуден, тамақ дайындаудан кейін қолыңызды сабынмен жуыңыз;

5. Су тасқынынан кейін барлық бөлмелерді дезинфекциялық ерітінділермен өңдеңіз;

6. Егер жұқпалы аурулардың белгілері болса (дене температурасының жоғарылауы, жүрек айну, құсу, нәжістің босауы, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.), бұл туралы дереу медицина қызметкеріне хабарлау қажет.

31 наурыз 2024, 18:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.