Атырау, 24 қыркүйек 00:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 480.50
€ 534.22
₽ 5.18

Қызылқоға ауданында төтенше жағдай жарияланды

785 просмотра
Бейнежазбадан алынған скриншот

Қазіргі уақытта Миялы ауылының тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру үшін «Жаңа арна» мекемесіне, аудандық әкімдігі ғимаратына және «Арман» мәдениет үйіне жиналып жатыр. Сол жерде тасымалдау үшін арнайы көліктер қойылған.

Бірінші кезекте әйелдер, балалар, науқас жандар және I, II, III- топтағы мүгедектегі бар азаматтар көшіріледі. 

Азаматтар  Ы.Шөреков атындағы орта мектеп гимназиясына, Х.Досмұхамедов атындағы орта мектебіне,«Нұр-Шуақ» бала-бақшасына эвакуацияланады.

Қызылқоға әкімшілігі ауыл тұрғындарына мынадай үндеу жолдады: "Жақын маңдағы жинау пункттеріне келулеріңіз сұралады. Өздеріңізбен бірге жеке бас құжаттары, қажетті заттарыңызды (шағын төсек орын т.б.) ала баруларыңыз сұралады".

Төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын ережелерді назарларыңызға береміз.   

• Ықтимал су тасқыны (су басу) туралы болжам алынған кезде халықты сиреналардың көмегімен, радио және телевизиялық хабар тарату желісі арқылы және басқа да ықтимал құралдармен хабардар ету жүзеге асырылады. Тек ресми ақпараттарға сенгендеріңіз жөн. 
• Су тасқыны (су басу) қаупі туралы ескерту алғаннан кейін бұл туралы жақындарыңызға, көршілеріңізге хабарлаңыз, балаларға, әйелдерге, қарттар мен науқастарға көмек көрсетіңіз.
Сондай ақ жағдай күрделенген жағдайда алдын ала дайын болуға кеңес береміз. 
1. Барлық ірі және құнды заттарды шатырға апарыңыз немесе басқа қауіпсіз жерге қойыңыз.
2. Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз, пештердегі отты сөндіріңіз.
3. Жертөлелерден барлық азық-түлік қорларын алып тастаңыз.
4. Терезелер мен есіктерді жабыңыз. 
5. құжаттар мен бағалы заттар салынған сөмкені (рюкзак) қолжетімді жерге қойыңыз.
Құрметті Қызылқоға ауданының тұрғындары дүрбелеңге түспеңіз, сабырлық сақтаңыз!
Су тасқыны, су басу қаупі анықталған барлық жағдайларда құтқару қызметтеріне — 101 және 112 телефондарына хабарласыңыз. Сонымен қатар Call орталықтың 2-11-99 жедел телефоны мен  +7775 487-30-11 WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы хабарласыңыз.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

31 наурыз, 23:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.