26-28 наурыз аралығында 41433 әскери бөлімшеде "Алтын Жебе-2024" кешенді тексеру өтті, деп хабарлайды қорғаныс істері облыстық департаментінің баспасөз қызметі.
Оның негізгі мақсаттары арнайы бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін және кез келген жауынгерлік тапсырманы белгіленген мерзімде орындау қабілетін тексеру, сондай-ақ барлық санаттағы әскери қызметшілердің далалық білімі мен кәсіптік даярлығының деңгейін арттыру.
41433 ә/б әскери қызметшілері дабыл бойынша көтеріліп, нормативтер кешенін тапсырды, марш-атыс жасады, армиялық тактикалық атыс жүргізді, күндізгі және түнгі уақытта атыс пен штаттық қару-жарақтан атуды түзету жөніндегі міндеттерді орындады. Олар сондай-ақ әскери топография, диверсиялық іс, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, медициналық дайындық бойынша арнайы нормативтерді тапсырды. Оқу-жаттығу "Қарабан"оқу полигонында өтті.
Тексеру қорытындысы бойынша әскери бөлім "Алтын Жебе" тексеру міндеттерін "өте жақсы" деген бағамен орындады.