Ж.Шаяхметов көшесі, 20 үй тұрғындары 25 наурыздан суға кете бастаған. Үй иелерінің суды соруға көмектесу туралы өтінішіне қала әкімдігі «күтіңіздер» деп жауап берген. Алайда, бес күн өтсе де көмек келмеген. Олар үйдегі сүйретпе аяқ киімдерін резеңке етікке ауыстыруға мәжбүр болды.
Үй иелерінің өздерінің әрекетіне қарамастан, үйдегі су тобыққа дейін келіп, бүкіл жиһаз ылғалданып, едені ісініп, оларды бұзуға тура келген. Балалары мен немерелерін туыстарына жіберген үй иелерінің ұйықтамағанына бесінші түн болды.
- Біз өз күшімізбен суды сорып шығаруға тырыстық, - дейді үй иесі Альбина МАКЕЕВА, - Бұл күндері вакуум қызметінің бағасы күрт өсті, бір вакууммен суды алғаны үшін 15-20 мың теңге төледік. Қазірдің өзінде 150 мың теңге жұмсадық. Алайда, «Амангелді» ЖК қолға алған 44 текше метр суды бес сағат бойы сорып алғаннан кейін де жағдай қиын: үй дымқылданып кеткен, едендері шіріп жатыр, сонымен қатар ылғалдың әсерінен үйдің төбесі шөгіп, үйдің өзі қисая бастаған. Енді бұл жерде болу қауіпті, бірақ біздің басқа тұратын жеріміз жоқ. Үйде ылғалдың шірік иісі бар, ауырып қаламыз ба деп қорқамыз.
Белгілі болғандай, Ж.Шаяхметов көшесіндегі № 20 үйдің иелері едені мен шатырын жөндеуге қаржылай көмек сұраған, бірақ олардың қаржылай көмек көрсетілетініне күмәні бар.
Ал, Макеевтердің көршілерінің жағдайы мәз емес - үйлерінде су сауылдап жатыр. Барлық өтініш мен шағымға әкімдік «күтіңіздер» деген бір ғана жауап беріп отыр.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Макеевтер отбасы жолдаған суреттер мен бейнежазба