Атырау, 25 қараша 05:48
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Педагогтар мен мамандар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу тәжірибесінен өтті

PR Сурет
915 просмотра

27-29 наурыз күндері Жылыой ауданына қарасты 20 мектептің директорлары мен 50 астам мұғалімі мен мамандары «Инклюзивті сыныптарда  жұмыс істеу әлеуетін арттыру» бойынша семинар-тренингтен өтті. Ерекше білім беру қажеттіліктеріне қарамастан, барлық балаға тең білім беру мүмкіндігін көздейтін бұл жоба, өңірдің білім беру саласының дамуына зор серпін береді.

 «БолашақК» Қоғамдық Қоры ұйымдастыруымен, педагогтар мен мамандардың әлеуетін арттыруға арналған жобаға «Теңізшевройл» ЖШС әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы бойынша қолдау көрсетіп отыр.  

- 13 ақпанда Құлсары қаласында Жылыой ауданы әкімінің орынбасары  Гүлнафис АЙШУАҚОВА мен аудандық білім беру бөлімі басшыларымен кездесу өтіп, жоба бойынша жұмыс жоспары құрылған болатын. Кездесу барысында, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің теориялық аспектілері мен практикалық дағдыларына назар аударатын оқыту стратегиясы анықталды. Семинарлар сериясы жоспарланған бағыт бойынша кестеге сәйкес жыл соңына дейін жалғасатын болады, дейді «БолашақК» ҚҚ ның директоры Жібек БИСЕНОВА

 Семинар барысында мұғалімдер мен ассистенттерге, логопед, дефектолог, психологтарға дәрігер-реабилитолог Жібек БИСЕНОВА және педагог-нейропсихолог маманы Үміт НИЯЗБАЕВА бастаған "БолашақК" ҚҚ жетекші мамандары инклюзивті оқытудың негізігі принциптері бойынша дәріс берді. Атап айтқанда мидың жан жақты дамуы, баланың жағымсыз мінез құлқының алдын алу және болдырмау, мидағы бұзылыстардың қандай сигнал беретіні туралы бойынша кеңестер берді. Сонымен бірге миды дамытуға арналған дене жаттығулар мен нейро жаттығулардың баланың жазуға, есептеуге, миын дамытуға пайдасы туралы айтылып, практикалық жаттығу ретінде көрсетілді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шаралар қатысушыларды ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеудің заманауи әдістемелеріне үйретуге, сондай-ақ инклюзивті оқыту және өзара әрекеттесу дағдыларын дамытуға арналған. Сондай ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарын, туыстарын және заңды өкілдерін оқыту - жобаның негізгі компоненттерінің бірі. 

   

 - Жоспарға сай ерекше қажеттілігі бар баланың ата-аналарына «Баланы дамытуды үйренеміз» атты семинарлар өтеді. Осы іс-шаралардың көмегімен педагогтар мен мамандардың кәсіби дағдыларын едәуір нығайтуға, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары тарапынан қолдау мен түсінуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беріледі. «Білім беру мекемесі мамандарының  инклюзивті сыныптарда  жұмыс істеу әлеуетін арттыру» жобасын іске асыру барлық балалар үшін әділ және қолжетімді білім беру кеңістігін құруға ықпал етеді, содай-ақ Жылыой ауданында инклюзивті білім беруді дамытуға маңызды үлесін қосады, дейді «БолашақК» ҚҚ ның педагог-нейропсихолог маманы Үміт НИЯЗБАЕВА. 


Семинар барысында ҚР инклюзивті білім берудің негіздері мен принциптері, оңалту мен инклюзияның өзара байланысты сәттері, бейімделген және жеке оқыту бағдарламаларын жасау принциптері талқыланды. Педагогтар белсенді қызығушылық танытып, семинар соңында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу бойынша өзара тәжірибелерімен бөлісті. 

30 наурыз, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.