Облыс әкімінің өкімімен Қаһарман МҰСАЕВ Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Қаһарман Мұсаев 1982 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Селчук университетін (Түркия) теолог мамандығы бойынша, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылдан бүгінгі күнге дейін Атырау облысы Дін істері басқармасында басшылық қызметтерді атқарған.