21 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушы Кәрім Смыковтың денсаулығына зақым келіп, маусымның соңына дейін ойыннан шығып қалды, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі.
Өткен маусымда Кәрім Смыков «Атырау» командасымен келісім-шартқа отырып, тіпті маусымдық құрамға да қосылды, бірақ кейін кері қайтарылып, "Елімайға" жалға берілді. Семейлік команда сапындағы алғашқы ойында ол жарақат алып, бірінші айналымды өткізіп алды. Ол "Елімай" сапында барлығы 12 кездесу өткізіп, 1 гол соқты. Бұған дейін «Алтай», No8 СБЖСМОР және «Жеңіс» командаларында ойнады.
Биыл ол "Атырауға" оралды, бірақ ауыр жарақат алды - денсаулығына зақым келіп, маусымның соңына дейін ойыннан шығып қалды. Футболшыға Мәскеуде ота жасалып, Қазақстанға оралды.