Атырау, 25 қараша 05:49
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Апта ішінде Атырау жүргізушілерінен 8 миллион теңге айыппұл өндірілді

Бейнежазба
959 просмотра

Атырау қаласының аумағында «Қорғау-Қауіпті жүргізуші» ақпараттық жүйесі мен «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен жыл басынан бері 6510 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды, деп хабарлайды қалалық полиция басқармасы.

Барлығы 2580 борышкер анықталып, айыппұлдары өндіріліп, 792 автокөлік арнайы тұраққа жіберілді.

Бір апта ішінде жүргізушілері айыппұл төлемеген 342 көлік анықталды. Қала бюджеті 8 миллионнан астам теңгеге толықты. Бұл ретте Атырау полицейлері жол жүру ережесін қатаң сақтап, айыппұлдарды уақытылы төлеу керектігін ескертеді.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

29 наурыз, 02:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.