Атырау, 25 қараша 05:21
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жаңбыр суынан тазартуға 70 арнайы техника жұмылдырылды

1 075 просмотра

26-27 наурыз күндері Атырау қаласы аумағына бір айлық нормадан астам жауын жауып (18мм), уақытша қолайсыздық тудырды. Бүгінде қала аумағын жиналған жаңбыр суынан тазалау жұмыстары тоқтаусыз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған 70 бірлік арнайы техника (вакуум) жұмылдырылды. Қазіргі таңда Сарықамыс, Балауса, Өркен, Жұлдыз, Мирас, 1-участок, Химпоселок, Еткомбинаты, Вокзал маңы, Лесхоз, Ескі аэропорт шағын аудандары және ескі қала аумағы тазартылуда.

26 наурыздан бастап 37 780 метр куб су шығарылды.

28 наурыз, 18:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.