2024 жылғы 28 наурызда жергілікті атқарушы органға көмек ретінде, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары көше бойына жиналған жаңбырдан жиналған суды тазарту бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.
Бүгін
• сағат 06:00-ден бастап Атырау қаласы, Сарықамыс ықшам ауданы Т.Садықов көшесінің бойындағы,
• сағат 10:00-ден бастап Мирас ықшам ауданы, Астана көшесіндегі бала-бақшаның ауласында,
• сағат 10:50-ден Қоскелдиев көшесі бойында орналасқан тұрғын үйдің ауласында жауын-шашын салдарынан жиналған суды шығару жұмыстары жүргізілуде.
28 наурызда сағат 11:30-дағы ақпарат бойынша жалпы көлемі 1479 текше метр жаңбыр суы алынды.
Айта кетейік, 27 наурызда ТЖД күштерімен 4420 текше метр жаңбыр суынан тазартылған болатын.
Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 13 қызметкері және 3 бірлік техника (ПНС, АР), 2 дана мотопомпа жұмылдырылды.