Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі қылмысының алдын-алу бағытында бірқатар жедел іздестіру шараларын өткізуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Өткен жылдың қыркүйек айында үш қала тұрғыны есірткі затын заңсыз тасымалдамақ болған 2001 ж.т. азаматшаны байқап, полиция қызметкерлеріне хабар берген. Полиция қызметкерлері уақытылы жетіп, тінту кезінде 23 жастағы күдіктіден салмағы 13,66 грамм ірі мөлшердегі психотроптық заттар мен 0,94 грамм болатын мефедрон есірткісін тәркілеген.
Қазіргі таңда Атырау қаласының тұрғынына қатысты Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА