Бүгін, 28 наурыздан бастап Атырауда қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруге арналған смарт-картасын биыл қайта тіркеуден өткізбеген азаматтардың жол жүру карталары жұмыс істеуін тоқтатты. Бұл туралы «Smart Qala» ЖШС директоры Ляззат ДОСМАГАМБЕТОВА хабарлады.
- Қоғамдық көліктердің төлем жүйесі жаңаруына байланысты жеңілдетілген төлемді пайдаланатын зейнеткерлер, мүгедектігі бар жандар, студенттер мен мектеп оқушылары 22 қаңтар – 1 наурыз аралығында смарт карталарын қайта тіркеуден өткізуі керек болатын. Алайда осы уақыт аралығында картаны қайта тіркеуден өткізуші саны аз болуына байланысты, автобустарға хабарландыру іліп, тіркеу уақытын 18 наурызға дейін ұзарттық. Бірақ сонда да халықтың әркеті баяу болып, барлығы 3382 зейнеткер, 819 оқушы мен 479 студент өз смарт-картасын тіркеуден өткізді. Бүгіннен бастап тіркеуден өткізбегендердің смарт карталарын өшірдік, - деді Ляззат Досмагамбетова.
«Smart Qala» ЖШС смарт-карталар жұмыс істемей жатқан тұрғындар Владимирский көшесі, 44/1 мекен-жайында орналасқан "Smart Qala" ЖШС кеңсесіне аяқтай келуін немесе үйден шықпай ақ + 7 771 090 90 01 WhatsApp-нөміріне смарт-карта фотосуретін (екі жағы), туу туралы куәлік немесе жеке бас куәлігі, зейнеткерлік туралы куәлікті жолдау қажет екенін ескертеді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ