2024 жылғы 27 наурызда Атырау облысында ауа райының күрт нашарлап, көп мөлшерде жаңбырдың жаууына байланысты көше бойларын жаңбыр суы басты, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.
Жергілікті атқарушы органға көмек ретінде, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары көше бойына жиналған жаңбыр суларын сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуде.
2024 жылғы 27 наурызда сағ 18:30-дағы ақпарат бойынша қала аумағында көше бойларынан 3016 текше метр жаңбыр суы сорылды. Атырау облысы ТЖД қызметкерлерімен жаңбыр салдарынан жиналған суды сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 17 қызметкері және 2 бірлік техника (ПНС, АР), 4 дана мотопомпа жұмылдырылды.