Атырау, 5 желтоқсан 15:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Мәскеудегі теракттан зардап шеккендер саны 360-қа жетті

696 рет қаралды

Крокус Сити Холлдағы терактіден зардап шеккендер саны 360-қа жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәскеуде болған теракт зардап шеккендер саны 27 наурыздағы жағдай бойынша – 360.

"Сәрсенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша теракт салдарынан 360 адам зардап шекті, оның ішінде 11 бала", – деді жедел жәрдем өкілі.

Оның айтуынша, 92 адам ауруханаға жатқызылды, ал 63 адам ауруханадан шығарылды, 205 зардап шегушіге амбулаторлық көмек көрсетілді.

Ресей вице-премьері Татьяна Голикова Крокус Сити Холлдағы лаңкестік әрекеттен зардап шеккендер санының артуы қайғылы оқиға кезінде адамдар шок алып, қашып, дереу дәрігерлердің көмегіне жүгінбегеніне байланысты дейді. 

27 наурыз 2024, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.