Атырау, 22 қараша 23:53
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Зеленский ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысын ауыстырды

519 просмотра
Алексей Данилов (Фото: Ruslan Kaniuka / Keystone Press Agency / Global Look Press)

Украина президенті Владимир Зеленский ұлттық қауіпсіздік және қорғаның кеңесінің хатшысы, 61 жастағы Алексей Даниловты қызметінен алды. Президент жарлығында оның себебі айтылмаған. Даниловтың қызметінен кетуі мүмкін екенін бұған дейін ұлыбританиялық The Economist журналы жазған, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Данилов 1990 жылдары Луганск мэрі болған. 2004 жылы президент сайлауы кезінде Виктор Ющенко штабын басқарған. Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы лауазымына 2019 жылы тағайындалған.

Данилов әлеуметтік желіге жазған мәлімдемесінде президентке, әріптестеріне, ақпарат құралдарына алғыс білдірген және бұл лауазымды атқарған төрт жарым жылын «ұялмайтын күндерім» деп атаған.

Зеленский Данилов босатқан ұлттық қауіпсіздік және қорғаның кеңесінің хатшысы орынтағына 51 жастағы Александр Литвиненконы тағайындады. Ол 2014-2019 жылдар аралығында осы мекемеде хатшының орынбасары болып істеген. 2021 жылдан бері Литвиненко Украинаның сыртқы барлау қызметін басқарған.

Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі билік тармақтарын бақылап, президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жарлықтарын әзірлейді. Мекемеде елде төтенше және әскери жағдай енгізуді шешетін құзірет бар.

27 наурыз, 13:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.