Атырау, 22 қараша 23:29
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Қазақстан ажырасу саны бойынша әлемде екінші орында тұр

595 просмотра
Фото: freepik.com

Қазақстан ажырасу жағынан алғашқы үш елдің қатарына кіреді. Отандастарымыз да тұрмыс құрып, үйленуге асықпайды. Былтыр елімізде бар болғаны 120 мың жұп некесін заңдастырған. Мұның ең төменгі көрсеткіш екенін атап өткен дұрыс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz сілтеме жасап хабарлайды.

Сарапшыларының айтуынша, республика бойынша ең көп шаңырақ көтергендер жағынан Алматы көш бастап тұр: 13 мың жұп некесін заңдастырған. Ал Түркістан облысында отбасы құрғандар саны айтарлықтай аз. Сондай-ақ алғашқы үштіктің қатарында Астана да бар. Басқа өңірлермен салыстырғанда Ұлытау облысында ең аз неке тіркелген.

Десе де Ұлытауда ажарысулар саны да көп емес. Мысалы, Ұлытау облысында 198 ерлі-зайыпты ажырасса, Қарағанды мен Астанада 1,5 мың жұп заңды некесін бұзған. Ажырасудың ең жоғары коэффициенті Алматы қаласында тіркелді. 

Осылайша, ажырасу саны бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан екінші орында тұр. Бұл тізімде көш бастап тұрған Мальдив аралдарында ажырасу көрсеткіші тіпті жоғары. Статистика бойынша алғашқы ондыққа Ресей, Беларусь, Қытай, Молдова, Украина, Литва, Кипр және АҚШ кірді.

27 наурыз, 11:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.