Ресей халқы такси жүргізетін тәжік ұлтының өкілдеріне бойкот жариялаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Егер тәжік болсаң, мен сенімен бармаймын. Сапардан бас тарт, немесе полиция шақырамын", – деп жазған клиенттердің бірі.
Ал жазылушылардың бірі "Крокустағы" қырғынды ұйымдастырғандардың да мақсаты осы екенін айтты. Сөзінше, бұл жағдайдан кейін ұлтаралық қарым-қатынас ушығып кеткен.
Еске салайық, бұған дейін Мәскеудегі “Крокус сити холлдағы” терракт салдарынан 152 адамның көз жұмғанын хабарлаған едік. Қанды қырғын 22 наурызда болған еді. Лаңкестер ғимаратта 18 минут болған.