Атырау, 25 қараша 04:45
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Исатайда белгісіз жыртқыш малды қырып жүр

Бейнежазба
833 просмотра

Наурыздың 18-інен 19-ына қараған түнде Исатай ауданы Х. Ерғалиев ауылында белгісіз жыртқыш аң қораның бір шетін қазып кіріп, 17 бас қой-ешкіні тамақтап, ішек-қарнын ақтарып кеткен. Кейбірін мал дәрігерлері емдеп жатыр. 

- Біраз күн бұрын бір үйдің қорасында дәл осындай жағдай орын алып, бар малын қырып кеткен. Онда да қораға қазып кірген. Бұл не жыртқыш екені белгісіз, ит те болуы мүмкін. Соңғы кезде ит атуға тыйым салғаннан бері көбейіп кетті. Көшеде жүру қауіпті, мектепке балаларды жетектеп апарып жүрміз, енді қораға түсіп малды қырып жатыр, - дейді видеоны жүктеуші.  

Осы оқиғадан кейін ауыл адамдары ит атуға тыйым болғанына қарамастан бірнеше бұралқы иттің көзін жойған.  

- Осы наурыз айында 40-тан астам малды қырып кетіп отыр. Ал бар малынан айрылған С. Мусағалиевқа ауыл адамдары жәрдемдесіп, көмегін беріп жатыр. Бұл не жыртқыш екені белгісіз, ит пе, қасқыр ма, аңшылар ауыл ішінде жүрген жабайы жыртқыш мысықты атып алыпты, ал біреуі қашып кеткен, - дейді Қамысқала округінің әкімі Рафиғат ТАЖИДЕНОВА. - Бұрын қауіпті деген иттерді жансыздандыру облыста өтетін, биыл тендер округте болатын болды. Бұл зор мүмкіндік болып тұр

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

25 наурыз, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.