Өңірімізде 1 ақпаннан бастап "Кибершериф" 28 борттық ақпараттық бағдарламасы іске қосылды. Нәтижесінде осы құрылғымен 1 ай 18 күн ішінде жылдамдықты асырған 16 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталған.
Ал, 1 наурыздан бастап республикалық маңызы бар тас жолдарда 15 Трафик-Сканер, 8 "Оракул-Инсайт" жылдамдық өлшеуіш құралдары қолданысқа берілді. Полиция қызметкерлерінсіз автоматты түрде жүиеленген "Трафик-Сканер" тас жолдардың авариялық аумағында 15 жерде орнатылған.
Бұл құрылғыларды бұзып кетпеуден сақтау үшін қосымша бейнебақылау камералары тікелей жедел басқару орталығына қосылды. Оракул-Инсайт арнайы автокөліктің салонына бекітіліп, автопатрульдеудің мобильді режимде құқық бұзушылықты жасырын түрде анықтауға арналған. Талдауға сәйкес, өткен жылы 344 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 94 адам қайтыс болып, 434 адам әртүрлі дене жарақатын алды.
Мәселен, 2023 жылы тас жолдарда 5 ірі жол апатынан 26 адам қаза тапты. Атап айтқанда, 18 маусым 2023 жылы Атырау-Ақтөбе жолының 593 шақырым тұсында Lada маркалы автокөлік және автобустың қатысуымен орын алған жол аптынан бір отбасы 4 сәбиімен ажал құшты.
Айта кетейік, жыл басынан бері 50 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 11 адам қаза тауып, 56 адам әртүрлі дене жарақатын алған. Ал, қала аумағында, наурыз айында 2 ірі жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 6 адам қаза тапқан.
Осы ретте , жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жолда абай болуларыңыз сұралады.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА