Атырау, 27 сәуір 15:23
 ашықВ Атырау +20
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Еуро-2024: Қазақстан құрамасы жолдамадан қағылды

1 006 просмотра

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы С жолы бойынша плей-офф сатысы жартылай финалында Грекиядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін Афиныда өткен қазақстандық футбол үшін басты оқиғада құрама Еуропа Чемпионатына жолдама ала алмады.

Ойынның сегізінші минутында қарсыластардың қақпасына пенальтиден алғашқы гол соғылды. Анастасиос Бакасетас дәл соққымен 1:0 есебімен командасын алға шығарды.

Ойынның 14-ші минутында Грекия құрамасының ойыншысы Димитрис Пелкас Қазақстан құрамасына екінші голды соқты.

37-ші минутта қарсыластардан Фотис Иоаннидис еш қиындықсыз Қазақстан қақпасына тағы бір гол соқты.

42-шы минутта Димитрис Курбелис командасына төртінші ұпайды әперді.

Екінші таймда ойын есебі 5:0-мен гректер алға шықты.

Айта кетейік, 26 наурызда Қазақстан Люксембург командасымен кездесіп, командалар жолдастық кездесу өткізеді. Ал Грекия Грузиямен Еуро-2024 жолдамасына таласады.

22 наурыз, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.